«Алматы облысы білім басқармасының
Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі» ММ-інің
«Ақкөл орта мектебі мектепке дейінгі
шағын орталығымен» МКМ
Қамқоршылық кеңесінің төрайымы
__________________К.Жунисбекова
Қамқоршылық кеңесінің (ҚК) жұмыс жоспары
2021-2022 оқу жылы
№ | Атқарылатын іс-шаралар | өтетін күні | Жауаптылар |
1 | ҚК№1 отырысы: 1.ҚК-нің 2021-2022 оқу жылына арналған жұмыс жоспарын жасау, бекіту 2.Мектепке жол акция барысында әлеуметтік көмектің көрсетілуі туралы есепті тыңдау 3.2021-2022 оқу жылында «Жалпыға бірдей білім беру қоры» есебінен ыстық тамақпен қамтылатын оқушыларды анықтау, тізімін бекіту | Қыркүйек | Кеңес төрайымы |
2 | Қамқоршылық үшін ашық есік шарасын ұйымдастыру | Қазан, сәуір | Кеңес мүшелері |
3 | «Сенім» телефоны және «Сенім жәшігі» жұмысының ұйымдастырылуын жандандыру | Қараша | Кеңес мүшелері |
4 | ҚК№2 отырысы: 1. Жетім, жартылай жетім, көпбалалы отбасының мүгедек балаларына берілген көмек туралы 2. Мектепте жүргізілетін мәдени іс-шараларға,түрлі жарыстарға қатысатын оқушыларға демеушілік көрсету 3.Мектеп директорының білім беру ұйымының қызметі туралы, оның ішінде білім беру қызметін ұсыну сапасы, қайырымдылық көмектің жұмсалуы жөнінде шараларды қабылдау туралы есебін тыңдау | Желтоқсан | Кеңес төрайымы, хатшы |
5 | Жалпы мектеп бойынша білім мен тәрбие алуға тұрмысқа қажетті жағдай туғызу және оқушылардың өмірінің, денсаулықтарының жақсаруына көмектесу | Үнемі | Кеңес мүшелері |
6 | Белсенді ата-аналар мен сынып жетекшілерінің кеңесін өткізу | Қаңтар | Кеңес мүшелері |
7 | ҚК№ 3 отырысы: 1. Мектептің оқу-материалдық базасының сақталуы мен толықтырылуын қамтамасыз ету жұмыстары 2.Қайырымдылық көмектің жұмсалуын жоспарлау,орындау | Наурыз | Кеңес төрайымы, хатшы |
8 | Қамқоршылықты қажет ететін балалардың жағдайын бақылап отыру, психологпен бірге отырып әңгімелесу | Үнемі | Кеңес мүшелері |
9 | Мектепке демеушілік жасауға жеке кәсіпкерлерді, жеке тұлғаларды және мектеп түлектерін тарту жұмыстарын жүргізу | Үнемі | Кеңес мүшелері |
10 | ҚК№ 4 отырысы: 1. Оқу білім үрдісінде оқу жылында жетістіктерге жеткен оқушыларға заттай сыйлық беру туралы. 2.Оқушыларға жазғы сауықтыру жұмыстарын жүргізу кезінде демеушілік көрсету 3.1-маусым балалар күнін өткізуге демеушілік көрсету | Мамыр | Кеңес төрайымы, хатшы |