31 Шілде 2024
Ата - аналарға

ҰБТ тапсыратын оқушылардың ата - аналарына кеңес

«Жасөспірімнің ҰБТ тапсыруға дайындығы кезінде ата - аналарға психологиялық көмек көрсету» тақырыбында ережелер.

Бірінші ереже: Тек ата - ана ғана баланың режимін бақылап, бала ағзасына шамадан тыс күш түспеуіне жол бермеуі тиіс.

Көптеген балалар ҰБТ дайындалу кезеңінде «асыра саналылық» танытып, күндіз де, түнде де дайындалады. Әдеттегі күн тәртібін, дағдылы гигиена ережелерін бұзады. Мұндай шектен тысқарылықты ынталандырмау керек. Шамадан тыс күш жұмсау, жасөспірімнің денсаулығына зиянды.

Екінші ереже: Ата - аналарға баланың дайындалуына үйдегілердің (әпке - қарындастары, аға - інілері, ата - әжелері) кедергі келтірмеуі үшін, сабақ оқуға арналған ыңғайлы орын ұйымдастыру міндеті жүктелген.

Жасөспірімді бос әңгімегеге, бірлесіп сериал көру мен осы сияқты міндетті емес әрекеттерге тартып алаңдатуға болмайды.

Үшінші ереже: Ата - аналар баланың тамақтануына айрықша назар аударуы тиіс: қарқынды ақыл - ой күші уақытында оған құнарлы, әр түрлі тағамдар мен теңгерімделген дәрумендер кешені керек. Балық, ірімшік, жаңғақтар, кепкен өрік сияқты өнімдер бас миының жұмысын ынталандырады және оқу материалын меңгеруді жеңілдетеді.

Төртінші ереже: Қатты шаршау, сабақ пен демалыспен кезектестірілмеген кезде болады. Ата - аналар әдеттегі 40 - 45 минут (мектептегі сабақтың ұзақтығы) сабақтан кейін, әдеттегі 10 минуттан кем емес үзіліс жасау керек екендігін айтып отырулары тиіс. Осы үзіліс ішінде жеңіл - желпі тамақтанып, терезеден сыртқы табиғат көрінісіне қарап, шағын жаттығу жасап немесе салқын сумен жуынып алуға болады.

Бесінші ереже: Емтихан қарсаңында баланың «қадалып» дайындалу (егер мұндай болатын болса) әрекетінің алдын алу керек. Білімді «өңдеп шығуға» жетпейтін әйгілі «емтихан алдындағы түн», шын мәнінде қиял. Сондықтан емтихан алдындағы түнде ата - аналар баланы тыныштандырып, ұйқысы қанатындай етіп, оған толыққанды демалуын қамтамасыз етулері керек.

Алтыншы ереже: Баланың ата - анасының эмоционалдық көңіл - күйін мұқият аңғарып, сезінетіндігін ұмытпау керек. Егер ересектер өзін - өзі ұстай алмай, қобалжу мен үрей тудыратын болса, онда балаға ата - анасының осындай құрылымсыз көңіл - күйі «жұғып», ең жауапты сәтте эмоционалдық күйзеліске ұшырауы мүмкін.

Жетінші ереже: Ата - аналар өздерінің талаптары мен балаларының мүмкіндіктерінің қаншалықты арақатыстылығы туралы ойланулары тиіс. Баланы оның мүмкіндігі үшін қол жетімсіз шыңды «алуға» бағыттамау керек. Одан да балаға жоғары баға алу мүмкіндігі бар пәндерді анықтауға көмектесіңіз.

Сегізінші ереже: Егер бала көп күш - жігер жұмсап, тырысатын болса, мақтаудан аянып қалмаңыз. Тіпті ҰБТ - да жоғары бағамен аяқталмаған болса да, бала өз ата - анасы үшін оның іждағаты мен табысты болуға деген ниеті маңызды екенін білуі тиіс. Өз балаңыздың табысын, басқа балалардың табыстарымен салыстырмаңыз! Оның жеке жеңістеріне, кешегіге қарағанда, бүгінгі істерін жақсы істегеніне назар аударған жөн. Ең жоғарғы балдарға тым масаттанып, төмен балдарға қатты ренжуге болмайды.

Осы ережелерді естеріңізде сақтаңыздар!

Пайдалы ақпараттық ресурстар